КІШІ АЯҚ ДОП БӘСЕКЕСІ

Бүгін Жем ауылдық округінің орталығы Тұрғызба ауылындағы Жем балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері, екі мәрте "Қызыл Жұлдыз" және "Даңқ" ордендерінің иегері Айтқұл Жолдыбаевты еске алуға арналған кіші аяқ доп жарысы басталды. Майдангердің ұрпақтары ұйымдастырған дүбірлі доп додасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Жарысқа барлығы 11 команда қатысып жатыр. 
 Ашылу салтанатында Жем ауылдық округінің әкімі Нұртас Қуатбаев, майдангердің ұлы Марат Жолдыбаевтар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT