Халқы қолдаған батыр – Талғат

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде аралас жекпе-жек бойынша (MMA) M-1 Challenge халықаралық турнирі өтті.

Турнирдің басталуына жеті-ақ күн қалғанда дайындалып, қарсыласын бірнеше мәрте тізе бүктірген жылыойлық Талғат Жұмағалидің шетелдік, бразилиялық Кайк Алиенкармен жекпе-жегі тартысты өтті. M1 GLOBAL CHALLENGE дің 100-ші халықаралық жекпе-жек сайысы Атырау қаласында ұйымдастырылып өткен болатын. UFC турниріне жетудің ең қысқа жолы саналатын бұл турнирде бірнеше Қазақ елінің спортшылары бар еді.

Солардың бірі - жылыойлық Талғат Жұмағали. Сайыстың екі раундын айқын басымдықпен ұстаған Талғат соңғы үшінші раундта қарсыласының айлалы әдістерінің біріне түсіп қалды, өкінішке орай. Сайыс басталысымен облыс басшысы Нұрлан Ноғаев және Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет және зал толы жанкүйердің барлығы атой салып қолдау білдіріп, шетелдік қарсыласқа Талғатты қолдаушы қалың қол бар екенін анық байқатқан болатын. Жекпе-жектің бірінші раундында Талғат Кайкты бір рет нокдаунға жіберіп, білек күшінің барын көрсеткен болатын. Талғатқа қарағанда бойшаң және шымыр келген Кайк қарсыласынан мұндай соққы аламын деп ойламағаны көрініп-ақ тұрды. Әлемнің 100 телеарнасы көрсетілім жасаған бұл сайыс барысында тікелей эфирдегі комментаторлардың өздері де Талғаттың Кайкқа қарағанда білек күшін басымдығына таңданыстарын жасыра алмай:«Қазақстан Республикасынан шығып жатырған спортшыларды бір көргенде жеңіліс табады деп ойлаймыз, расында, бұлар октагонға келгенде өте қатты өзгеріп, тылсым күшке ие болатын батырлар секілді екен»,- деп эмоцияларына ерік берген болатын. Екінші раундта да жерлесіміз Кайктың бірнеше әдіс-тәсілдеріне мойынсұнбай, тағы да ми шайқалтар екі соққысын берген кезде тізесі бүгіліп артқа шегіншектеп кеткен болатын. Бұл кезде қарсыласының ауыр соққыларына барынша күш салған жерлесіміз аяқтан тартып құлатып, еріксіз қарсыласының жеңіп көруге құлшынып еді. Қасы жарылып, аққан қаны бетін жуып, бір көзі ісінген бразилиялық Кайкты көрген кезде барша жиналған көрермен «Талғат, Талғат» деп атой салып ысқырып, басшылардың өздері орыннан тұрып, өте қызу қолдау білдірді. Алайда үшінші раундта тап осылай қарсыластың аяғынан шалу әдісіне көшкен жерлесіміз айлалы Кайктың қылқындыру әдісіне түсіп қалған болатын. Әлем телеарналарының комментаторлары үлкен додаға жеті-ақ күн дайындалып, бірақ жеңілмеген азулы Кайкты бірнеше мәрте тізе бүктіріп, қасын жарып, мұрнын бұзған Талғаттың жекпе-жегіне таңданыстарын жасыра алмай, жерлесіміздің аяқ асты айлалы әдіске түсіп қалу сәтсіздігіне өкініп, өздерін бейне бір Талғаттың жанкүйері іспетті күйзелгендерін жасыра алмай, Талғат сайысқа өз уақытында дайындалса, қарсыласын қиналмастан бірінші раундта-ақ тізе бүктіретін хас батырға теңеп жатты. Сайыстың аты – сайыс, әрине. Мойымаймыз, алар асу алда. Талғат - жерлестерің және барша Қазақ елі сенімен бірге!

Әлібек Науаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521