Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлау өтті. Бұл қызметке бес үміткер өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шахтер" директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен.

Дауыс беруге "Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ мүшелері, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелері делегаттары қатысқан. Дауыс берушілердің жалпы саны - 26 адам.

Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті басып озды (11). Тағы бір дауысты Давид Лория алған.

tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521