Каратэшілер - жеңіс тұғырында

Жақында Атырау қаласында  Окинава годзю-рю каратэ-додан  Халықаралық ашық турнир өтті. Оған Жылыой аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты Жаңа Қаратон кентінде орналасқан №4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэшілері қатысты.

 

Ауданның спортшылары турнирге жақсы дайындықпен барғандарын жарыс кезінде көрсетіп, ката жаттығуларын орындау сайысында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар жекпе-жек сайысында жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде Абай Түйекенов, Мұхамедәли Қалдыораз, Даулет Мырзағали, Нұх Қасым, Толыбек Тажиков, Нұрбол Нұрдәулет, Мейірбек Әбішев, Еламан Елемесов, Абай Байбахтиев, Гүлмира Қабжанова, Венера Хамитовалар жүлделі 1-орынды иеленді.  Бекжан Шығырбай, Армат Шадияров, Құмар Исмаганбетов, Нұрбай Төлепов, Гүлханым Айжарықова, Сағынай Шоқановалар 2-орынды еншіледі. Сонымен қатар Абылай Маратұлы, Санат Жабас, Аян Шадияров, Алихан Әскер, Әлібек Бітімов, Әлішер Бітімов, Елназар Аманжан, Айтжан Байментаев, Алмагүл Нұрғалиева, Салима Қабдоловалар 3-орынды қанжығасына байлап қайтты. Жастарды жарысқа дайындап, жеңіске деген жігерлерін оятқан жаттықтырушылары Оразалы Қалдыоразов пен Қуаныш Жалжановтар болатын.

-Ауданның жас каратэшілерінің келер жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінетініне сенімдеміз. Жаңа Қаратон кентіндегі спорт мектебінің ашылуына  аудан және кент әкімдігі көптеген жұмыстар атқарды. Келер жылда Жаңа Қаратон кентінен жаңа спорт кешенін салу жөнінде ұсыныстар айтылуда. Жаңа спорт кешені салынса, кент тұрғындары мен жасөспірімдерінің бұқаралық спортпен шұғылданатынына сенеміз,-дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сансызбай Баймұратов.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521