Каратеден өткен Қазақстан чемпионатында атыраулықтар 12 медаль алды

«Атырауда жастар арасында каратеден өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еліміздің 14 өңірінен 300-ден аса спортшы бақ сынасқан сайыста Атырау облысы 3 алтын, 2 күміс және 7 қола медальға ие болды. Жарыстың бірінші күні кадеттер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде Абзал Асқарұлы қола медаль иегері атанды. Екінші күні юниорлар арасында 55 келі салмақта Батырғали Файзолла, 61 келіде Жақсылық Қайырлыбек, қыздар арасында Жалғас Ұлмекен қола медаль еншіледі. Алина Сұлтанова күміс медаль жеңіп алды.

Жарыстың үшінші күні Әбілмансұр Батырғали 67 келіде чемпион атанып, өз мықтылығын дәлелдеді. 60 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Қалиев күміс жүлде алып, Нұрбек Кенжебай ел чемпионы атанды.

Ката бағдарламасы бойынша кадеттер арасында Квон Валерия чемпион атанып, Карина ​ Крешневская​ ​ ​ ​ қола жүлдеге ие болды. Командалық ката бағдарламасында Джамиль Багитов, Гизатулла Ильясин, Аян Әбілхайыр және қыздар арасында Карина Крешневская, Валерия Квон, ​ Айна Азизова қола жүлдеге ие болды.

Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Еске сала кетелік, 1-3 сәуір аралығында Атырауда каратеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионаттың ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысып, спортшыларға ​ лебізін жеткізді.

WKF каратэден өткен чемпионатқа кадеттер, юниорлар және жастар қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521