Камил Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесті. Нәтижесінде қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті.

Ол бұған дейін 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллиді орта жолда қалдырып кеткен болатын.

Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ кеше ел құрамасынан Дарын Әскербек чемпион атағын жеңіп алды. Ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тізе бүктіріп, жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521