Jayynger - чемпиондық белбеудің иегері

Атыраулық спортшы Jayynger чемпиондық белбеуінің иегері болды

Атыраулық спортшы Әбіл Ғалиев 64 келі салмаққа дейінгі категорияда тайлық қарсыласын жеңіп, Jayynger чемпиондық белбеуінің және қомақты ақшалай сыйлықтың иегері болды , - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

ufc4

ufc3

25-28 қыркүйек аралығында Атырауда «Qazaqstan Jastar Fest» атты спорттық фестиваль өтуде. Төрт күндік фестивальдің ең маңызды оқиғасы - аралас жекпе-жек бойынша «Gorilla Fighting Champioship 17» әлемдік турнирі болды.

Хабиб және Абдулманап Нурмагомедов, Ислам Махачев, Забайра Тухугов, олимпиада чемпиондары Роман Власов, Тагир Хайбуллаев және белгілі қазақстандық спортшылар Максим Раков, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов и​ Шавхат Рахмонов шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. ​ ​

Шарада​ Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, сөз сөйледі. ​ ​

​ - Жастар арасында спортты насихаттауда бұндай шаралардың маңызы зор. Сегіз елден ең мықты, үздік спортшылар қатысып отыр. Спортшылармыз ел намысын лайықты қорғап жүр. Жарыста кім мықты – сол жеңеді. Ал, өңірдің тұрғындары мен қонақтары қызықты да тартысты ойындардың куәсі болып отыр. Сіздердің жетістіктеріңіз жастарды спортпен шұғылдануға ынталандырады,-деді өңір басшысы. ​ ​

ufc2

ufc1

​ ​Турнирдің қорытындысымен Атыраудың 5 өкілі қарсыластарынан басым түсті. Көрермендер барлығы 10 жекпе-жекті тамашалады, соның ішінде 3-і муай-тай бойынша. Бұл жекпе-жектердің рейтингісі неғұрлым жоғары болды, себебі ​ спортшылар Jayyngerпромоушені бойынша үш чемпиондық белбеуге таласты.

Айта кетейік, Jayynger-дің негізін Қазақстанның жауынгерлік өнерлер ассоциациясы қалаған болатын. Фестиваль Исатай және Махамбет алаңындағы концертпен аяқталды. Шара барысында тұрғындар мен ​ өңірдің қонақтары ұлттық ойындарға қатысты.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521