Аудан спортшылары Спорт күнін атап өтті. Төтенше жағдайға бай- ланысты төл мереке аудан көлемінде дүркіреп өтпегенімен, сала маман- дары марапатсыз қалған жоқ. Ең басты шара – облыс көлемінде өтті. Онда өңіріміздің спортына еңбегі сіңген бірқатар спортшылар аймақ басшысының қолынан алғыс алып, бір марқайып қайтты.
Иә, Атырау қаласындағы Спорт күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өзі қатысты. Ол аймақтың денешынықтыру және спорт саласының өсіп- өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген спортшылар мен мамандарды төл мерекемен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Және бір топ спортшыны облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғысхатымен марапаттады. Соның ішінде біздің жерлестеріміз де бар.
Айталық, облыстың спорт саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құлсары қаласындағы №1 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таэквондо және дзюдоның жаттықтырушылары Дастан Қожыров пен Мейрам Әбіл облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Алғысхатымен марапатталды. Ал әлемдік деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы атанып, Атыраудың ғана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғап жүрген жылыойлық Мерей Мәлік те құрметке бөленді. Нақтырақ айтқанда, осындай перзент тәрбиелеп өсіргені үшін оның ата-анасы Жанат Құсайынов пен Айнұр Қалажанқызы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің қолынан Алғыс хат алды. Біз де аудан спортының ардагерлері мен жаттықтырушы, спортшыларын, осы саланың өзге де мамандарын Спорт күнімен құттықтап, алға қарай да жеңісті жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Өз тілшімізден