Футбол алаңы ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында патриотизмнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны белгілі.

Осы бағытта өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен денешынықтырудың қолжетімділігін арттыру үшін елдімекендерде спорт түрлерін дамыту басты назарға алынған. Осы орайда, Қосшағыл ауылында жаңа футбол алаңы салынып, ашылу салтанаты өтті.

Заман талабына сәйкес салынған футбол алаңын «Орлан» ЖШС бас директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Қондыбаев өз қаражатына салып, ауылға сыйға тартып отыр. Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған Қосшағыл ауылдық округі әкімі Саян Баселов барша жиналған көпшілікті құттықтады. Ауылдың көркеюіне, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасап отқан аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Жаңабайұлына және осы азамат басқаратын ұжымға ауыл тұрғындары атынан рахмет айтты. Сонымен қатар, аудан әкімі Азамат Бекеттің атынан алғыс хат табыс етті.

Футбол алаңының ашылуында Боранбай Атыраубаев пен ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жексен Имашев лентаны қиып, «Қазақ елінің футболының дамуына ауылдың балғын спортшылары өз үлестерін қосып, көк байрағымызды көкке желбіретсін» деген тілектерін білдірді. Салтанатты шарада әжелер шашу шашып, ауыл және аудан өнерпаздары әсем әуендерімен көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара соңында ауыл жастарының алғашқы ойыны өтті.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521