Euro 2024: Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы екінші мәрте Солтүстік Ирландиядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Биыл ел құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Алтыншы турға дейін 9 ұпаймен турнир кестесінде 4-орында келе жатқан еді.

Алдағы ойындарда оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдаманың біріне ие болуы мүмкін. Әзірге мұндай мүмкіндікке Финдяндия, Қазақстан, Дания және Словения құрамалары ие болып отыр. Сол себепті ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Десе де, оған қарсылас құрама лайықты қарсылық көрсетті.

Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Бұл - ақтөбелік футболшының ұлттық құрама жейдесінде соққан үшінші голы.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында алаң иелері шабуылға шықты. Содан кейін Солтүстік Ирландияның белсенділігі байқалды. Бұл сәтте қазақстандық қақпашы Игорь Шацкий мен қорғаушылардың сауатты ойыны байқалды.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 2-орынға көтерілді.
Бүгінгі ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз