Таэквондодан әскери оқу-жаттығу кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Асылжан Махамбетовты еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті.
Турнирдің мақсаты - Отан алдындағы борышын өтеу кезінде әскерде қаза тауып «Ерлігі үшін» медалімен наградталған Асылжан сарбазды еске алу болатын. Сондай-ақ, ауданымызда таэквондо спорт түрін кеңінен дамытып, насихаттау, таэквондошылардың спорттық шеберліктерін, достық қатынастарын арттыру.
Турнир №1 аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылды. Бұл додада 6-11 жас аралығындағы 150 жас жеткіншектер өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие боп қайтты.
Мұнда ер жігіттермен қатар қыздар да өзара сайысқа түсіп, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар табысталды.
Аудандық ашық біріншілікті ұйымдастырған №1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жарылғасов Мұрат Тыныштықұлы және Таэквондо бөлімінің мұғалім – жаттықтырушылары: А.Нұржанов, Д.Қожыров, Н.Жолдасов, Н.Байдуллаев, М.Нұрбергеновалар еді.
Турнир қорытындысына сәйкес, 26 кг салмақта І орын – Әли Әділетке, ІІ орын – Сүйін Жансейітке, ІІІ орын – Сүйін Бексейітке және Айтбай Әлішерге бұйырды. Ал 28 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қатысушылар арасында І орынды Ерасыл Нұрдәулет, ІІ орынды Кенжебек Төреәлі, ІІІ орынды Шүйішбек Арнұр және Сұлтан Әділханұлы иеленді. Сонымен қатар, турнирге қатысушы спортшылар 30, 32, 34, 36 келі салмақтарда да өнер көрсетіп, көрсеткен өнерлері мен шеберліктеріне сай жүлделі орындарға тұрақтады. Сайыстағы ең үлкен салмақ дәрежесі - 45 кг бойынша белдескендердің арасында І орын – Мақсат Төлегеновке, ІІ орын – Асылхан Ерболатұлына, ІІІ орын – Мақсат Аманғалиға, тағы бір ІІІ орын Нұрлан Бегалыға бұйырды.
Айкерім ШАҒАТАЕВА