Еліміздің жас спортшылары Жылыой төрінде бақ сынады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Жаңа Қаратон кентіндегі №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында толық жекпе-жектен республикалық ашық турнир өтті.

Оған жылыойлық және еліміздің өзге облыстарынан келген 200-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Ашылу салтанатында алдыңғы кезекте Қазақстан Республикасының гимні шырқалды. Осыдан кейін рингке аудан әкімі Азамат Бекет көтеріліп, баршаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Ол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін, ал ел егеміндігінің баянды болуы үшін жастардың білімді, дені сау, есті де еңбексүйгіш, қайырымды болуы керектігін жеткізді. Жас ұрпақты тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналатынын, жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау маңызды екеніне тоқталды. Сөз соңында еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, турнирге атсалысып отырған қонақтарға алғыс айтып, жарысқа қатысушы жасөспірім спортшыларға сәттілік тіледі.

Келесі кезекте турнирдің арнайы шақырылған қонақтарына құттықтау сөз кезегі берілді. Рингке еліміздің көк туын xалықаралық додаларда биікке көтеріп жүрген, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шеберлері көтерілді. Атап айтсақ, жекпе-жек сайысынан 8 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы, II дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ұлан Мұқашев, «Alash Pride» гран при турнирінің чемпионы, панкратионнан Қазақстан Республикасының чемпионы Шыңғыс «Шаx-Қазақ» Қайранов, сонымен қатар Атырау облысы Жекпе-жек федерациясының президенті Хайдар Мағауұлы баршаны мерекемен құттықтады.

Қонақтар спорттың осы түрін қолдап, республикалық турнир өткізіп отырған жылыойлық азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Турнирде Жылыойымыздың атын танытып жүрген бірқатар спорт шеберлері болды. Жылыой жекпе-жек спорт клубының жетекшісі, панкратионнан Əлем чемпионы Талғат Жұмағалиев турнир қонақтарына жылыойлық спортшылардың атынан шапан жауып, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Чемпионат үш күнге созылды. Нәтижесінде жасөспірімдер арасында өткен жарыста 15 салмақ дәрежесінде 15 спортшы жеңімпаз атанды. Финал қорытындысы бойынша 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында 23 кг салмақта белдескен «Мұнайлы ММА» клубынан Дәурен Чапай 1-орынды жеңіп алды. 2-орын «Сарықамыс» клубынан Ардақ Жаңбырбаев, 3-орын бейнеулік Ержан Әбдурахманға бұйырды.

26 кг салмақта жаңаөзендік Болыс Тұрдыбек 1-орынды иеленді. 2-орын «Мұнайлы ММА» клубынан Нұрбек Дүйсенов, 3-орын "Басқұдық" клубынан Майлыбай Мадиярға бұйырды. 29 кг салмақта «Мұнайлы ММА» клубынан Азамат Ізтұрғанов жеңімпаз атанды. 2-орын «Атырау ММА» клубынан Алан Олжағали, 3-орын «Каштенбай ММА» клубынан Эльдар Ахмедиярға ұйырды. 32 кг салмақта Қасым Нұх 1-орын, «Басқұдық» клубынан Бекзат Азанқұл 2-орын, «Мұнайлы ММА» клубынан Мұрат Шынберген 3-орынға ие болды. +32 кг салмақта «Каштенбай ММА» клубынан Тілек Ахмедияр жеңімпаз атанды. «Жылыой ММА» клубынан Құрал Нұрсұлтан мен Ерасыл Наурызбайлар 2,3-орындарға ие болды. 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 27 кг салмақта жаңаөзендік Жандос Жылқыбай жеңімпаз атанса, Санат Егінбай 2-орынды еншіледі. 3-орын «Арлан» спорт мектебінен Исарқын Теңелбайға бұйырды. 30 кг салмақта «Каштенбай ММА» клубынан Алан Қабдулов 1-орынға ие болды.

«Жылыой ММА» клубынан Асылан Елеусін 2-орын, жаңаөзендік Тілеген Қаржаубай 3-орынды еншіледі. 34 кг салмақта бейнеулік Темірлан Қадыргелдиев жеңімпаз атанды. Жаңаөзендік Елдос Жылқыбай 2-орын, ал Марат Жылқыбай 3-орынды еншіледі. 39 кг салмақта «Атырау ММА» клубынан Нұржан Асқар мықтылық танытып, жеңімпаз атанды. Бейнеулік Нұрсейіт Жұмалы 2-орын, жылыойлық Мейірлан Ғарифолла 3-орынды еншіледі. +39 кг салмақта «Сарықамыс» клубынан Азамат Абуов жеңімпаз атанды. Бейнеулік Мұрат Ықылас 2-орын, «Атырау ММА» клубынан Ержан Асқар жүлделі 3-орынды иеленді. 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жекпе жекте 32 кг салмақта жылыойлық Мейрамбек Айғалиев 1-орынға ие болды.

«Атырау панкратион» мектебінің спортшысы Ерназ Нұрлан 2-орын, «Каштенбай ММА» клубының спортшысы Нұралы Еркін 3-орынды еншіледі. 36 кг салмақта жылыойлық Ерген Жолдыбаев мықтылық танытып, 1-орынға қол жеткізді. 2-орын жаңаөзендік Мирас Айдарлыға бұйырса, 3-орынды жылыойлық Бақтияр Бақдаулетов еншіледі. 40 кг салмақта жаңаөзендік Жары Тілепбай жеңіс тұғырынан көрінді. Ал бейнеулік Ақжол Аманжол мен Нұрасыл Алдабергендер 2,3-орындарды иемденді. 45 кг салмақта «Арлан» спорт клубынан Ерасыл Алдоңғар 1-орынды иеленсе, Ақжол Аманжол 2-орынды еншіледі. «Ақтау мұнайлы» спорт клубынан Нұрасыл Алдаберген 3-орынды місе тұтты. 50 кг салмақта «Арлан» спорт клубынан Арсен Ризуанов 1-орынды иеленді. Жылыойлық Ерлан Орынбаев 2-орын, бейнеулік Диас Естебаев 3-орынды еншіледі. +50 кг салмақта «Арлан» спорт мектебінен Әділет Сәрсенбек жеңімпаз атанды. «Каштенбай ММА» спорт клубынан Серік Нұрхан 2-орын, «Мұнайлы» спорт мектебінен Әбілхайыр Ахметов 3-орынға ие болды. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сансызбай Баймұратов және бір топ спорт саңылақтары жеңімпаздарға медальдар мен кубоктарды салтанатты түрде табыс етті.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521