Еңбегі еленген ер

Республика күні мерекесі аудан спортына да жағымды жаңалығын ала келді. Өңірде осы саланың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген бір топмамандар мемлекеттік марапатқа ие болды Ұлттық мейрам қарсаңында аймақ спортының дамуына атсалысқан облыс көлеміндегі спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев арнайы қабылдап, марапат пен наградасын табыс етті.

  Солардың қатарында Құлсары қаласындағы №1аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебініңдиректоры Мұрат Жарылғасов та бар. Ол Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің тағайындаған “Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” арнайы төсбелгісімен марапатталды.

   Әрине, осы тектес мадақтаудан Мұрат Тыныштықұлының өзге әріптестері де құр қалған жоқ. Соның ішінде аталған спорт мектебінің таэквондо және дзюдо бөлімшесінің  жаттықтырушылары Азамат Нұржанов пен Жаңылсын Көптілеуова министрліктің Алғысхатына ие болды.

Е.Есенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521