Дзюдошыны еске алды

Жақында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Биыл 18-ші мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі бәсекеге елімізд және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық татами шеберлері қатысып, 16 түрлі салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Екі күнге созылған байрақты бәсекеге жылыойлық спортшылар да барып, жүлделі оралған болатын. Атап айтсақ, 90 кг салмақта Бекзат Шағатаев пен 73 кг салмақта Манас Қайырбай жүлделі 3-орынды еншілеп келген.

Айта кетейік, жас спортшыларды жарысқа Наран Ешібаев дайындаған болатын.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521