Ауданымыздағы «Сүлеймен» спорт кешенінің ашылғанына 1 жыл толуына орай дзюдодан ашық облыстық турнир өтті. Турнирдің мақсаты – қазақ спортшыларының даңқты дәстүрлерін жалғастыру, жасөспірімдерді патриоттық сезімге тәрбиелеу, дзюдо күресін кеңінен насихаттау.
Дзюдошы балаларды дайындап, жаттықтырып жүрген жаттықтырушы - Манас Қайырбай. Бүгінде спорт кешенінде 80 оқушы жаттығады.
Турнир 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында өтті. Олар 26 келі салмақта 29,32 және 38 келі салмақта бақ сынады. Сонымен қатар, 2014-2015 жылы туған ұлдар –20,22,2 ,27 және 30 келі салмақта белдесті.
Жарыста 6 алтын, 5 күміс, 7 қола медальдар сарапқа салынды. Жалпы есеп бойынша III орынды Ибрагим Қонысбай, Бақдәулет Сабыр, Даниял Оңайбай, Дархан Ахмаш, Ералы Сокол иеленді. II орынды Тілеухан Қадауат, Бексұлтан Аманғали алса, I орынды Байсұлтан Тілекқали, Ибрахим Жолдас, Абдулазиз Ербөлек, Мұса Серік, Санат Бегім иеленді. Жүлделі спортшылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ