Дзюдодан жүлделі оралды

Спорт күні қарсаңында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындары өткен болатын.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау мақсатында өткен спорт сайысында жылойлықтар да бақтарын сынады.

Жалпы Атырау облысының құрамасы 3 алтын, 4 қола медаль қанжығаларына байлап қайтты. Атап айтсақ, дзюдо күресінен 90 кг салмақта Бекзат Шағатаев жүлделі 1-орынды иеленіп, чемпион атанды. Ал 40 кг салмақта Ақбаян Есенбаева жүлделі 3-орынға қол жеткізді. Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған Жандос Жұмасейітов, Наран Ешібаев сынды бапкерлер болатын. Спортшылар дзюдо күресінен Атырау облысының, жасөспірім ұлдар және қыздар құрамасының аға жаттықтырушылары Болат Жұмабаев пен Азамат Тәжіғалиевтарға ризашылығын білдіреді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521