Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: командалық жарыста Атырау облысы үздік шықты

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде 4 күнге созылған дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. 
 
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Біріншіліктің шешуші турында аралас-командалық жарыста жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.
Аталған бәсекеде Алматы қаласының құрамасын жеңген Атырау облысының жасөспірімдері чемпион болды. Алматылықтар күмісті қанағат тұтты. Қола жүлдеге Астана қаласы мен Қарағанды облысының командасы ие болды.

 
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 5 қола) көш бастады. Алматы қаласының (3 алтын 1 күміс, 1 қола) спортшылары екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының (3 алтын, 3 қола) құрамасы спортшылары үздік үштікті түйіндеді. 


Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 2008-2009 жылы туған 836 жасөспірім дзюдошы қатысып, бақ сынады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында жекелей сайыстар аяқталғанын жазған болатынбыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT