Дзюдодан 5 алтын

Өткен аптада аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Jastar Fest» аясында «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан 17 командадан 300-ге жуық спортшы қатысты.

dzudo25

Екі күнге созылған бәсекеде татамиде белдескен жылыйолықтар 5 алтын, 3 күміс, 9 қола медальді қанжығаларына байлады.

Атап айтсақ сан мықтының ішінен мықтылық танытқан Ақылбек Аманұлы, Берекет Даниярұлы, Қанағат Қосымғалиев, Шынар Бітімбай, Гүлхан Шыңғысхандар 1-орынға ие болды. Аудан абыройын қорғап жүрген жасөспірім спортшыларды дайындаған жаттықтырушылары Мейрам Әбіл, Асылбек Әбілдиев, Әлібек Ибатолла, Жаңылсын Көптілеуовалар болатын.

Қ.Дүйсенбетов

COVID 19

covid

Күнтізбе