"Былғары доп-2018" жарысынан жүлделі оралды

«Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Былғары доп-2018» облыстық үлкен футболдың 3-кезеңі өтті.

Сол жарыста аудан командасы I орынды иеленген болатын. IV кезең «Былғары доп-2018» республикалық жарысы Семей қаласында өтті. 5-18 тамыз аралығында өткен жарысқа ауданымыздың мектептерінен құралған 2003-2004 жылы туылған қыздар командасы қатысып, жүлделі III орынды иеленіп қайтты. Республикалық жарысқа аудан командасын жаттықтырушылар №5 мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Қ.Уалитханов және №6 мектептің дене тәрбиесі мұғалімі А.Оңдасынов дайындады. 19 тамыз күні спортшыларды аудандық білім бөлімі басшының орынбасары Г.Таңатарова мен оқушылар мен ата-аналар салтанатты түрде қарсы алды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521