Әйелдер арасында Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова және Олеся Граур бақ сынайды.
Жарыс елорда уақытымен түстен кейін төртте басталады. Сондай-ақ бүгін могулшы Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы сайыс сағат Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:45 басталады.
Айта кетейік, 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Олимпиадада дәл осы могул спортынан Юлия Галышева қола жүлдегер атанған еді.