Баскетболшы Мейрам - чемпион

5-11 қараша күндері Лисаковск қаласында баскетболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті.

Биылғы чемпионатқа 12 команда қатысса, сол сайдың тасындай іріктелгендер ішінен топ жарған тағы да біздің атыраулық баскетболшылар болды. Облыс спортшылары осымен үшінші мәрте ел чемпионы атанып отыр. Соның ішінде жеңістің туын биік желбіретіп жүргендер - 2006-2007 жылдарда туған жасөспірімдер командасы. Команда тәжірибелі жаттықтырушы мен шебер ойыншылардың арқасында ғана мықты болмай ма? Чемпион команданың құрамында жылыойлық баскетболшылар Мейрам Халел мен Нұрбол Қайыровтың болуы - ауданымызға мақтаныш. Ал жас спортшыларды баулып жүрген Жылыой балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жанаргүл Ербөлекова мен облыс баскетболшыларының бас жаттықтырушысы Амантай Торғаевтың еңбектері - өз алдына бір төбе. Мейрам бұған дейін жаз айында Талдықорғанда өткен ел чемпионатында «СДЮШОР» командасында шебер ойын өрнегін көрсетіп, І орынды иеленсе, таяуда күзгі республикалық чемпионатта тағы да чемпион атанып, ҚР Мәдениет және спорт және дене шынықтыру істері комитетінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Ж.НАУРЫЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521