Балықшыда баскетбол алаңы ашылды

Атырау қаласының Балықшы шағын ауданында тұрғындардың спортпен шұғылдануына арналған заманауи баскетбол алаңы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл жоба аталған шағын аудан жастарының сұранысы негізінде облыстық мәслихат депутаты Арман Хайруллин мен “AtamekenEco” ҚБ ұсынысымен қолға алынып, демеушілер және қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, жобаның бас демеушісі – “TEXOL” компаниясы.

Алаңның салтанатты ашылу рәсімінде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин, TEXOL компаниясының басшысы Борис Зиганшин мен спорт ардагерлері, шағын аудан тұрғындары қатысты.

- Бұл алаң – біздің тұрғындарымыздың, әсіресе жастардың денсаулығы мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба. Халық игілігі үшін салынған бұл алаңнан болашақ чемпиондар шықсын деген үміттеміз. Біз осындай игі істерді жүзеге асырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Баскетбол алаңы – тек спорттық инфрақұрылымды дамыту ғана емес, сонымен қатар дені сау, белсенді ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы. Енді Балықшы тұрғындары сапалы және қауіпсіз ортада спортпен айналыса алады. Осындай қолдаудың арқасында қаламыздың келешегі жарқын болмақ! – деді шаһар басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT