Балғын волейболшылар бәсекесі

Аудан спортының негізін қалаған Диас Сүлейменов жылыойлық спортшылардың ғана емес, Атырау аймағына да кеңінен танымал. Сондықтан оның есімін ел есінде қалдыру мақсатында ауданда түрлі шаралар қолға алынып келеді. Жақында 2007-2009 жылы туған ұлдар арасында аудандық ашық турнирдің өтуі – соның айғағы,- деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Диас Жиенғалиұлын еске алуға арналған бұл дүбірлі доп додасына Атырау қаласынан, Махамбет, Мақат және Жылыой аудандарынан барлығы бес волейболшы команда қатысты. Айта кету керек, бұл спорттық сайыс аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қарашаның 24-і мен 25-і күндері өткізілген ашық турнир өте тартысты аяқталды. Ашық турнирге төрелік еткен төрешілердің ұйғаруымен ж ү л д е л і I о р ы н ғ а Ат ы р ау қаласының командасы лайықты деп танылды. Қарсыластарынан жылыойлық балғын волейболшылар да қалысқан жоқ. Біздің спортшылар командалық есепте доссорлықтардың алдын орап, II орынды қанжығаға байлады. Сөйтіп III орынды Доссор кентінің «БЖСМ» командасы иеленді. С о н ы м е н қ ат а р с а й ы с т а «Үздік» спортшылар да марапатталды. Айталық, Ернұр Ербол «Үздік қорғаушы» деп танылса, Бақберген Аманғалиев «Үздік шабуылшы», Арсен Темірбай «Үздік үйлестіруші», Диас Болат «Үздік ойыншы» атанды.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT