Бокстан Қазақстан Республикасының оқушылар гимназиадасы өз мәресіне жетті. Алматы қаласында өткен республикалық додаға Жылыой Балалар- жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубынан 5 оқушы сынға түсті. Алайда, бір оқушы жарақат алуына байланысты жарыс шеңберінен шығып қалды.
Сайысқа Атырау облысының намысын қорғайтын жалпы құрам бойынша 13 спортшы қатысты. Ал жалпы командалық есепте Атырау 2 алтын, 2 қоламен 3-орынды иеленді. Бұл жетістікке жетуге жылыойлық мектеп оқушысының да ықпалы зор болды.
№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ахмет Дәулеткерей республикалық гимназиададан 1-орынды иеленді. Бахрейн мемлекетінде қараша айында өтетін бүкілдүниежүзілік оқушылар гимназиадасына жолдама алды.
Айта кетейік, Ахмет аталған додада 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетпек.
Ш.МҰХТАРҚЫЗЫ


