ЛИВИНЬО.KAZINFORM – Фристайл-акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді.
Жаттығудан кейін, ұлттық құрама бас бапкері Бағлан Іңкәрбек Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, дайындық туралы айтып берді.
- Бүгін Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы ресми жаттығуымызды өткіздік. Дайындық ойдағыдай, жоспарға сәйкес өтті. Спортшыларымыздың көңіл күйі жақсы, Олимпиада ойындарына дайынбыз,- деді бапкер.
Ол сонымен қатар жарыс алаңы туралы пікірімен бөлісті.
- Қардың сапасы өте жақсы, жасанды қар емес. Біз барлық жағдайда жаттығулар мен жарыстарға қатысып жүрміз. Сол себепті, жарыс жолы қыйындық туғызбайды деп ойлаймын,- деді Бағлан.
Бас бапкер қарсыластардың ешқайсысы осал болмайтынын жасырмады.
- Барлық қарсылас осал емес. Сол сияқты бізде аянып қалмаймыз. Бұл - баппен бақ қатар жүретін спорт түрлерінің бірі. Бәрі ойдағыдай болады деп сенемін. Бізге қолдау білдіріңіздер,- деді ол.
Айта кетерлігі, фристайл-акробатика жарысында ел намысын Шерзод Хаширбаев, Асылхан Асан, Роман Иванов, Дінмұхамед Райымқұлов және Аяна Жолдас қорғайды.
Отандастарымыз 17 ақпаннан бастап жекелей сайыста, сонымен қатар аралас сындада бақ сынайды.



