Азиада-2023: Бүгін қанша жүлде сарапқа салынады?

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарының жарысы жалғасып жатыр: бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін спорттық гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, садақ ату, ескек есу, скейтбординг, дзюдо, жүзу, таэквондо мен ушу бойынша финал ойындары өтеді.

Қазір Азия ойындарында 20 алтын медаль олжалап үлгерген ҚХР көш бастап тұр. Екінші орында – Оңтүстік Корея командасы болса, үшінші сатыда Жапония тұр. Қазақстан әзірге 10-орында тұр.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында спорттың 61 түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша жүлдеге таласады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз