Ауылдағы тоғызқұмалақ

Тәуелсіздік таңымен бірге қайта оралған ұлттық ойынның бірі – тоғызқұмалақ.

Бұл ойын аудандағы Қара-Арна ауылдық округінде де жақсы жолға қойылған. Өйткені онда ауыл балаларын осы спорт түріне баулитын арнайы жаттықтырушылар бар. Мамыр айында Атырау қаласында қазақтың осы ұлттық ойынынан 9,11,13 және 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында облыс спорт мектептерінің жекелей біріншілігі болып өткен еді. Оған Шоқпартоғай ауылындағы №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балғын тоғызқұмалақшылары да қатысып қайтты. Үш күнге созылған шаршы тақтадағы тартыста ауыл спортшылары өз шеберлігін көрсетіп, жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. Нәтижесінде 11 және 13 жастағы Зарина Орын мен Назарбек Анен жүлделі 2-орындарды жеңіп алса, 9 жастағы Санжар Жақау 1-орынды қанжығасына байлап, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Біріншілік қорытындысымен жеңімпаздар Санжар Жақау мен Назарбек Анен Павлодар қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болды.

Балғын тоғызқұмалақшыларды осындай дүбірлі додаға дайындаған жаттықтырушылар Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Бекболат Сәрсенғалиев пен Ләйла Қабдешовалардың да мерейі үстем болып, балалармен бірге ауылға зор қуаныш үстінде оралды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521