Ауылдағы футбол

Жеңіске жеткен командаларға диплом, медаль мен арнайы кубоктар табыс етілді.

Ақкиізтоғай ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ» ұранымен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші аяқдоптан аудандық жарыс болып өтті.

Оны мектеп директоры А.Қарасаев ашып, барлық командаға сәттілік тіледі. Оған аудандағы төрт спорт мектебінен 10 команда қатысты. Доп десе, делебесі қозатын жасөспірімдер футбол алаңында жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Бірақ ойынның аты – ойын! Жеңімпазды биік тұғыр, жеңілгенді жер көтереді. Төрешілердің саралауымен үздік шыққан командалар да анықталды. Жүлделі І орынды №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды №2 спорт мектебінің футболшылары иеленді. Ал «Құлсары» командасы ІІІ орынды місе тұтты.

Жеңіске жеткен командаларға диплом, медаль мен арнайы кубоктар табыс етілді. «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» ретінде көзге түскен жекелеген спортшылар Бағдат Толағай, Аяпберген Шерхан, Алмаз Қайратұлы, Арсен Амандықтар да марапатсыз қалған жоқ.

Жас спортшылардың құрметіне жас әншілер Б.Озғанбай «Жаса, Қазақстан!» әнін асқақтатса, А.Матжан «Тойбастар» күйін шертті.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521