Аудан командасы 3-орында

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді жақсы білуі керек. Осыған орай «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқау өтті.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді жақсы білуі керек. Осыған орай «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқау өтті.

Оған мемлекеттік қызметкерлерден құралған Жылыой ауданының құрама командасы қатысты. Алдымен, команда атауы мен ұранын айтып, өздерін таныстырды. 2-кезеңде олар жұмыс бағытында кездесетін оқиғалардан шағын көрініс қойды. Содан соң «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетті. Аудармашылық шеберлік кезеңінде орысша берілген тапсырманы қазақ тіліне аударды. Шешендік шеберлік кезеңінде тіл туралы даналық сөздерді ортаға салып, байқауды қорытындылады. Байқауда командалардың белсенділігі, әзілқойлығы, тапқырлығы мен тіл байлығына мән берілді. Әділқазылардың шешімі бойынша Жылыой ауданының құрама командасы III орынға ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521