Атыраулық спортшылар әлем чемпионатында топ жарды

Ресейдің Қазан қаласында белбеу күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында атыраулық спортшылар ел қоржынына бір алтын, бір қола медаль салды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

95 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрмұхаммед Мугалов алғашқы кезеңде өзбек және орыс палуанын жеңді. Соңғы белдесуінде Казан қаласының спортшысын тізе бүктіріп, алтын медаль иеленді. 

Ал Диас Ерболатов 55 кг салмақпен екі белдесуінде де есе жіберіп, үшінші кезеңде қырғыз палуанын ұтты. Кейін 3-орынға таласта тәжік спортшысын жеңіп, қола медаль қанжығалады. 

-    Қазақстан құрамасында Атырау облысынан 3 спортшы бар. Ал өңірлік делегациямен чемпионатқа  Диас Ерболатовтың жеке бапкері  Асылан Чапаев және облыстың аға жаттықтырушысы Жеңісхан Еркінғалиев аттанды. Айта кетейік, Нұрмұхаммед пен Диас белбеу күресінен сәуірде өткен ҚР чемпионатының жеңімпаздары, - деді облыстық белбеу күресі федерациясының дирекоры Асылбек Қалиев.

10-16 қараша аралығында өтіп жатқан  жастар мен жасөспірімдер арасындағы  додаға әлемнің 30 елінен 200 спортшы қатысуда. Олар жеребе арқылы жұптасып, боз кілемде бақ сынайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT