Атыраулық кикбокс шеберлері үздік өнер көрсетті

Түркияның Стамбул қаласында кикбоксингтен ересектер мен жастар арасындағы «Turkish Open» әлем кубогі өз мәресіне жетті. Онда жергілікті спортшылар жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникакциялар қызметі.

Атыраулық кикбокс шеберлері бір алтын, екі күміс, екі қолаға ие болды. Тартысты додаға 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Аталған жарыс кадеттер, жастар және ересектер арасында өтті. Оның ішінде жастар арасында Санжар Мейрамғали алтынға ие болса, Айбек Шамболов пен Асылжан Жеткеншек күміс жүлде еншіледі.

Ал ересектер арасында Исламсанжар Төлеуғали және Гульбану Саматова қола медальге қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз