Атыраулық дзюдошы Азия кубогінде топ жарды

Кувейт астанасында дзюдодан Азия кубогі өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қолаға ие болды. Оның ішінде 66 келі салмақта өңірлік спортшы Айболат Ыстыбай жеңіс тұғырынан көрініп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спорттық додаға 27 елден 150-ден астам татами шеберлері қатысып, бақтарын сынауда. Атыраулық А.Ыстыбай финалда қырғызстандық спортшы Ербол Абасбековты ұтты.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан намысын 15 спортшы қорғауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT