АТЫРАУЛЫҚ БОКСШЫ ЖАНДОС АЛПЫСБАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында атыраулық боксшы Жандос Алпысбаев 75 келі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, ол Моңғолия, Үндістан және Иран елінің боксшыларынан басым түсіп, чемпиондық атқа қол жеткізді.

- Барша қолдау білдірген атыраулық бокс жанкүйерлеріне, дене шынықтыру және спорт басқармасына, бапкерлеріме және әрдайым қамқорлық пен қолдау білдіретін Атырау бокс федерациясының президенті Шухрат Абдурашидұлына алғыс білдіремін, - деді Азия чемпионы Жандос Алпысбаев.

Айта кетейік, Жандос Алпысбаев Атырау облысында жасөспірімдер арасынан шыққан тұңғыш Азия чемпионы. Ол 2021 жылы кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы және үздік боксшы атанған.

Чемпионның жаттықтырушысы - Апсенов Мейрамғали, жеке бапкері Нысанбаев Айбек және жасөспірімдер арасындағы облыс аға жаттықтырушысы - Байдуллиев Азамат. Қазіргі уақытта Жандос Атырау бокс клубының және Атырау облыстық Олимпиадалық резервін дайындау орталығының спортшысы.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT