Атыраулық таеквондошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

Атыраулық таэквондошы Жансел Дениз Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды.

Ол 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Бірінші орын Суде Узунчавдарға (Түркия) бұйырды. Екінші орынды ливандық Селман Уорд алды. Үшінші орынға Денизбен бірге иорданиялық Рама Або-Алруб ие болды.

Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Жасурбек Клычов та қола жүлдеге ие болған еді.

Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Ислам ынтымақтастығының V ойындарында медаль алса, қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин ойындардың алтын медаліне ие болды. Сондай-ақ, қола жүлдегер атанған еркін балуандар марапатталды. Қазақстандық гимнасттар бірден төрт медаль жеңіп алды.

 Фото: olympic.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521