
Жарысқа 18 бен 34 жас аралығындағы 250-ге жуық жас қатысып, 3 және 5 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынауда. Жаттықтырушы Гаухар Бекетаева қатысушылардың белсенділігі жоғары екенін, дайындығы жақсы екенін атап өтті.

Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылып, сонымен қатар қатысушылар арасында спорттық кроссовкалар мен велосипедтер арнайы рандом арқылы ойнатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ