Атырауда жасөспірімдер арасында белбеу күресінен ел чемпионаты өтуде

Атырауда жасөспірімдер арасындағы белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 2005-2007 жылы туған 240 спортшы қатысуда.

"Елімізде, Атырау өңірінде белбеу күресі жақсы дамып келеді. 240 жасөспірім арасында 63 қыз баламыз бар. Бұл біздер үшін қуанатын жағдай. Жеңімпаз спортшылар қыркүйек айында Ресейде өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алады, деді ҚР

Белбеу күрес федерациясының президенті Абай Тасболатов.

Сонымен қатар, орын алған спортшылар Әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алады. Еске сала кетейік, белбеу күресі облысымызда осымен екінші мәрте өткізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521