Атырауда бокстан V жастар ойындары басталды

Былғары қолғап шеберлері 17-23 мамыр аралығында өзара мықтыларды анықтайтын болады. Сайыс 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан Жастар ойындарында 370 спортшы бақ сынайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Тәуелсіздік жылдарында ел спортшылары әртүрлі сайыстарда байрағымызды биіктен көрсетіп келеді. Келешекте дені сау ұрпақ тәрбиелеуде осындай айтулы додалардың алар орны ерекше. Бүгін – спортшылардың ғана емес жаттықтырушылардың да еңбектері айшықталатын кез. Еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан қатыстып жатқан жас спортшыларға облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының атынан сәттілік тілеймін, -деді облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова.

Салтанатты шарада дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Атырау облысы бокс федерациясының Президенті Шухрат Данбай, Бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1983 жылғы Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтар да сөз алып, боксшыларға жеңіс тіледі. Жарыстың алғашқы күні 49 келі салмақ дәрежесіндегі бәсекеден басталды.

Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика