Атырауда балаларға арналған “Dos Boxing” кәсіпқой бокс клубы ашылды

Клуб балалар мен жасөпірімдерге спортпен тегін шұғылданып, кәсіпқой боксшы болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Клубтың ашылу салтанатына бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов, паралимпиада чемпиондары Ануар Сариев, Ержан Салімгереев арнайы қатысты. Бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов бүгінде жас буынның жан-жақты дамуына мүмкіндік көп екенін атап өтті.

"Балалар, жасөспірімдер қалаған спорт клубтарында тегін қатыса алады. Ғылыми технология дамыған заманда спортқа көңіл бөлуді ұмытпағанымыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстанған рухани қуатты, білімді ұрпақ болашағымызды жасайды, - деді бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов.

“Dos Boxing” кәсіпқой бокс клубының басшысы Айдос Дәулетов клубта 8-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін шұғылдана тынын айтты.

"Спорт клубын ашу - әр жаттықтырушының арманы. Осы клубтан әлем танитын чемпиондар мен рухани қуатты спортшылар шығатына сенемін" деді ол.

Спорт клубы Атырау қаласы, Құрманғазы, 84В мекен-жайында орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521