Атырауда 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді

Құрметті атыраулықтар мен қала қонақтары!  

5 қазан күні Атырау қаласында 8-ші ATYRAU MARATHON өтеді. Марафонды Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен облыстық жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырады.

Жүгіру бағдарламасында қатысушылар 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықты еңсереді. Жалпы жүлде қоры – 7 000 000 теңге. Жарыс тек спорттық шара ғана емес, нағыз Спорт мерекесіне айналуы үшін барлық қалалық және коммуналдық қызметтер іске қосылады. Сондай-ақ 400 ерікті мен төреші қатысады. Қазақстанның барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелден шамамен 3000 адам қатысуы жоспарлануда. Барлық қатысушыларға сәттілік пен «жеңіл аяқ» тілейміз! 🏃‍♂️✨

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT