Атырауда 120-дан астам әуесқой спортшы велошеруге қатысты

Атырауда бүгін алғаш рет Tour de Saraishyq 2025» велошеруі өтті. Республикалық ауқымды спорттық және туристік шара өңірдің тарихи және мәдени байлығын әлемге танытуды мақсат еткен ерекше бастама ретінде ұйымдастырылды.

Велошерудің басты ерекшелігі – оның көне Сарайшық қалашығынан басталып, Атырауға дейінгі 80 шақырымдық жолмен жалғасуы. Шара барысында қатысушылар қаланың басты көшелері мен көрнекті орындарынан өтіп, мәреге *«Infinity Mall»* сауда-ойын сауық орталығының алдына жетті.

Велошеру қатысушылары арасында 14 пен 65 жас аралығындағы әуесқой спортшылар, сондай-ақ шетелдік қонақтар болды. Жарысқа жалпы 120 адам қатысты.

 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл велошерудің негізгі мақсаты – Атыраудың табиғи және мәдени сұлулығын әлемге таныту. Сарайшық қалашығы, өзінің тарихи маңызы мен бай мәдениетінің арқасында, бұл шараның символына айналды. Велошеру қатысушылары тек спортпен айналысып қана қоймай, қазақ халқының терең тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың өкілі Мадина Кыбырбаева атап өткендей, бұл шара өңірдің туристік әлеуетін көтеруге және ішкі туризмді дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, белсенді өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған велошеру – өңірдің мәдени және табиғи құндылықтарын кеңінен танытуға зор ықпал етуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT