Ақтаудан жүлделі оралды

Таяуда "Жас батыр кубогы" ашық республикалық турнирі өткен болатын.

Турнирге респубикамыздың барлық облыстарынан 1200-ге жуық спортшы қатысты. Ақтау қаласында өткен додадан ауданымыздың 2 палуаны жүлдемен оралды. Дәлірек айтқанда, 38 кг салмақта Аманұлы Ақылбек 2-орын, 42 кг салмақ дәрежесіндеТілекқабыл Райымбек 1-орынды қанжығаларына байлаған еді.

Жарысқа дайындаған бапкерлері - М.Әбіл мен А.Әбілдиев. Бабы мен бағы қатар жанған палуандарымызды ардайым қолдап, осындай биік белестерді бағындыруға себепші болып жүрген Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы М.Жарылғасовтың да еңбегі зор екенін атап өткіміз келеді. Әрқашан шәкірттеріңіздің биіктен көріне беруіне тілектеспіз.

Ж.Әбдікәрімова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521