3 спорт түрінен чемпион

6-9 тамыз аралығында Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен чемпионатқа Атырау облысы бойынша 9 спортшы қатысты. Оның 7-еуі алтын, 8-і күміс және 9-ы қолаға ие болды.

 

Соның ішінде Жылыой ауданынан қатысқан Ерлан Есекенов спорттың үш түрінен найза лақтыру, диск лақтыру және ядро итеруден алтын жүлде иегері атанды. Cпортшы жарысқа тыңғылықты дайындалған. «Чемпионат өте жақсы деңгейде өтті» дейді ол. Чемпионды дүйсенбі күні Жылыой ауданы әкімдігінің өкілі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері күтіп алды.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521