200-ге жуық адам жүгіру марафонына қатысты

Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ауданымызда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында жаппай жүгіруден жарыс ұйымдастырылды.

 

Жастар ресурстық орталығы өткізген жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар қаладағы №15 мектеп жанынан бастап орталық стадионға дейінгі аралықты жүгіріп өтті. –Марафонның мақсаты – жастарды спортқа тарту арқылы, саламатты өмірді қалыптастыру еді. Міне, жылдан-жылға қатысушылардың саны өсіп келеді,-дейді орталық басшысы Марат Қабиденов. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Жүзден жүйрік атанып, 1-орынды иеленген Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны Нұрболат Байжанов болды. 2-орынды Қалит Ақылбек иеленсе, 3-орынды Бекзат Аманжолұлы, 4-орынды Жанаш Бабыржан, 5-орынды Әділбек Мәтжанов жеңіп алды. Сонымен қатар жиырма қатысушыға ынталандыру сыйлығы берілді.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521