«Патриотизм - «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп құрғақ сөзді уәде беру емес.
Біздің Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз ел игілігі үшін жасаған жақсылықтарымызбен, қоғамға пайдалы болуымызбен өлшенбек.
Құрметті жамағат!
Барлықтарыңызға мәлім Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы
жылдың 5 маусым күні ата заңымыз Конституцияға өзгерістер енгізу
бойынша республикалық референдум өткізілетіндігі туралы мәлімдеген
болатын. Мемлекет Басшысы еліміздің басты заңына өзгерістер енгізу арқылы азаматтарымызды ел болып, халық болып «Жаңа Қазақстанды» құруға үндеуде.
«Жаңа Қазақстан» - әділ қағидаларымен басқарылатын,
адал еңбек қағидаттарына негізделген мықты мемлекет болсын.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
«Патша - Алланың жердегі көлеңкесі», - деген.
Әр мемлекеттің болашағы сол елді басқарып отырған патшасына, яғни қазіргі тілмен айтқанда президентіне
байланысты. Алдағы жоспарланған жалпы халықтық референдум ел
болашағын айқындауға, жаңа талаптарға қатысты болмақ. Сол себепті Ата
заңымызға енгізілетін өзгерістерге үлес қосуға шақырамыз.
Жаратқан Алла ел іргемізге амандық, әрбір шешімге береке нәсіп етсін! - деді "Жылыой мұсылмандары" Мешітінің Бас Имамы Ж.Қағазғалиев