Жылыой халқының 73 пайызы референдумға қатысқан

Бүгін  жарқын келешек пен жаңарған мүмкіндіктер жолында  жүзеге асқан жалпыұлттық референдум да өз мәресіне жетті.

Таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс берушілерге есігін айқара ашқан Жылыой ауданындағы  24  дауыс беру учаскесі , Теңіз кенішіндегі 15 дауыс беру учаскесі кешкі сағат 20.00-де өз жұмысын аяқтады. Республикалық референдумға межелі уақытқа дейін 35812 адам дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Ал олардың пайызға шаққандағы үлесі  - 73 пайызды көрсетіп, жергілікті халықтың референдумға қатысуға зор белсенділік танытқанын көрсетіп отыр.
Учаскелердегі халықтың дауыс беру сәтін бақылап отырған байқаушылар да референдумның өз ережесіне сай, заң аясында өткенін айтып отыр. Дауыс беру уақытында бірде бір заң бұзушылықтар орын алмаған.


Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT