Жылыой ауданында жалпыхалықтық референдумға дайындық жұмыстары тиянақты жүргізілді

 Елімізде бүгін- 5 маусымда басталуына санаулы мезеттер қалған референдумның аса маңыздылығын аудан халқы сезінеді.

Өңірде 39 референдум учаскелері бар, олардың 24 Құлсары қаласында орналасса, Теңіз кенішінде 15 учаске орналасқан.
Ауданда республикалық референдумға қатысуға 48675 азамат тіркелген.Теңіз кенішінде референдумға шамамен 9000-13000 дейін сайлаушы қатысады деп жобаланған. Жалпыхалықтық референдум бойынша жасалатын тарихи маңызды қадамдар мен өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл бағытта 18 893 әртүрлі әлеуметтік, салалық топтағы адамдар қамтылды. Аудандық " Кең Жылой" газетінде 28 ақпараттық материал жарияланды.
Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы алдын ала нақты хабарланды.
БАҚ құралдарында хабарландырулар беріліп, азаматтардың мекен-жайларына таратылды. Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.
Референдумға қатысуға келген аудан халқы тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады.
Референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде халықты хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.
Барлық учаскелер құрал-жабдықтармен: урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға референдумға қатысуға барлық шаралар жасақталды.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар 15 учаскелік комиссияларға келіп өз таңдауын жасайды.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды.
Учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар қамтамасыз етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT