Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржыландыруымен 2022 жылы Жылыой ауданында 10 әлеуметтік жоба жүзеге асады.
1. «Қазақстанның отбасылық дәрігерлерінің Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі. Мақсаты:
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілерге өздерінің әлеуетін, мүмкіндіктерін және клиникалық сапасын жақсарту үшін жауапкершілігін арттыруға көмектесу.
2. Салауатты өмір салтын насихаттау және ауруларын алдын алу. 2. «Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қоры (ОАЕҚ) «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы. Мақсаты: Жергілікті қоғамдастықтар билікпен серіктесе отырып,жергілікті проблемаларды шешуге қатысуды ұлғайтты.
3. «Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қоры (ОАЕҚ) Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қорымен серіктестікте «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасы. Мақсаты: Атырау қаласы мен Атырау облысында халықтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларына тұрақты бизнес-шешімдерді қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды ілгерілету.
4. «Академик З. Қабдолов» атындағы жеке қор "Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!" жобасы. Мақсаты: қазақ тілін оқыту және оны дәріптеу бойынша мұғалімдерді қоса алғанда, аудиториямен қамтуды одан әрі ұлғайту, инновациялық технологиялар есебінен жоба өнімдерін сапалы өндіру. • Бірегей 2 тілді электронды кітаптар, бейне және аудио өнімдер шығару, Қабдоловтың сайтын "қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Оқу материалдары", "Поэзия және музыка", "қазақ халқының мақал- мәтелдері"айдары бойынша жаңа материалдармен толықтыру.
5. ««Integrity» жеке тұлғалық дамыту қоғамдық қоры Кәсіптік бағдар- саналы мамандық таңдау Мақсаты: болашақ мамандықты таңдау және балалардың өзіндік өмір сүру дағдыларын қалыптастыру үшін әр баланың жеке қабілеттерін анықтау және дамыту.
6. «Атырау. Шағын ел» ҚҚ Құлсары қ. Иппотерапия. Мақсаты: қозғалыс, психологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектесу және адамды жаңа, өзгеретін жағдайларға бейімделуге қабілетті ету.
7. «Ой-Сана» психологтардың қоғамдық бірлестігі. Мақсаты: Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру Монтессори орталығын ашу. «Монтессори» арнайы білім беру орталығын ашу арқылы ерекше қажеттіліктері бар 200 балаға арнайы дайындық пен білім беруді (тегін білім беру, әлеуметтік өмірге бейімдеу, өзін-өзі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер беру, түзету) қамтамасыз ету.
8. «Ынтымак Атырау» ҮЕҰ Мақсаты: Корпоративтік волонтерлікті дамыту және жүзеге асыру.
9. «Орталық Азияның Еуразия қоры» корпоративтік қоры (ОАЕҚ) «Үкіметтік емес ұйым мектебі» жобасы.
10. «Petrocouncil» ЖЛҰ. Мақсаты: Пандемия кезінде кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуді жақсарту бойынша оқыту, сондай-ақ жұмыссыздарды стартап- кәсіпкерлікке оқыту.