Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабының 3 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2023 жылғы 10 желтоқсанға Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2.Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.Осы қаулы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.

Төраға З.Калмуханова

Хатшы Г.Станова

 

Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармағына, 21 бабының 4 тармағына және 22 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің шекарасында Қосшағыл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Қосшағыл сайлау округі құрылсын.

2.Сайлау округінің тізімі мен шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраға З.Калмуханова

Хатшы Г.Станова

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы 20, Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі ғимараты, e-mail: tik_atr_zhl@saylau. Телефон: 8 (71237) 5-11-99

Комиссия төрайымы - Калмуханова Зауре Тукпатуллаевна

Төрайым орынбасары - Бертлеуов Жанибек Нурсултанович

Комиссия хатшысы - Станова Гульжан Кереевна

Комиссия мүшелері - Ашыгалиева Ардак Сабыровна

                                    - Мендикулова Кайырлы

                                    - Тен Снежана Тимофеевна

                                    - Бағытова Маржан Саматқызы

 

№105 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы, Қамыскөл көшесі, 79 үй, «Қосшағыл» мәдениет үйі ғимараты. Телефон: 8/71237/2-82-02 Комиссия төрайымы - Мұқаш Қамила Мұқашқызы

Төрайымның орынбасары - Назарова Слушаш Бисенбаевна

Комиссия хатшысы - Нургалиева Актоты Зайровна

Комиссия мүшелері - Базарбаев Ибрахим

                                  -  Шегирова Алмагул Камидуллаевна

                                  - Адайбаева Актилек Козыбагаровна

                                  - Кузекенова Рысбике Елубаевна

                                  Исахаева Гульфара Жолдасовна

                                  Ақмырзиева Торғын Табылғанқызы

 

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ШЕКАРАСЫ №105 сайлау учаскесі

Орналасқан орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы, Қамыскөл көшесі, 79 үй, «Қосшағыл» мәдениет үйі ғимараты. Телефон: 8/71237/2-82-02

Шекаралары: Қосшағыл, Қарағай ауылдары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT