Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкіміне кандидат Нурмуханова Дарига Базарбаевна

Өмірбаяны

Нурмуханова Дарига Базарбаевна 1983 жылы 18 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Ұлты –қазақ. Білімі жоғары. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2008-2009жж. - Атырау облысы, Жылыой аумақтық сот орындаушылар бөлімінің іс жүргізушісі қызметін атқарған.

2009-2010жж. - Атырау облысы, Жылыой аумақтық сот орындаушының міндетін атқарушысы қызметін атқарған.

2010-2012 жж. - Атырау облысы, Жылыой аудандық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінде заңгер қызметін атқарған.

2012-2015жж. - Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының заңгер, бас маман қызметін атқарған.

2015ж. бүгінгі уақытқа дейін - Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының заңгер, бас маман қызметін атқарып келеді.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің қарауларыңызға Қосшағыл ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

- зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету;

- денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету;

- әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларымен, кәсіпкерлермен жұмыс;

- ауыл жастарын спортқа тарту бойынша жұмысты күшейту;

- Ауылды абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарын жақсарту; - Қосшағыл ауылына 160 орындық балабақша салу;

- Қосшағыл ауылына 200 орындық жаңа Мәдениет үйі құрылысын салу;

Құрметті сайлаушылар!

Менің азаматтық борышым, мақсатым – Қосшағыл ауылдық округін көркейту, оның өркендеуі үшін, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін еңбек ету.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT