Өмірбаяны
Еркінов Жанғазы Берікұлы 1997 жылы 10 қыркүйек Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі жоғары. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 2018ж. - Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде статист қызметін атқарған.
2018-2019жж. - Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2019-2020жж. Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қызметін атқарған.
2020ж. бүгінгі уақытқа дейін - Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Құрметті сайлаушылар!
Қосшағыл ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, ауыл тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Ауылдық округ әкімі ретінде халықпен бірлесе жұмыс істеу және ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өз сайлауалды бағдарламамды ұсынып отырмын.
- Қосшағыл ауылы ішінде көше жарығы орнатылмаған көшелерді жарықтандыру;
- Қосшағылда ауылішілік автокөлік жолдарын, жаяу жүргіншілер жолын салу; - Қосшағыл ауылына 160 орындық балабақша салу;
- Қосшағыл ауылына 200 орындық жаңа Мәдениет үйі құрылысын салу;
- Қосшағыл ауылы мектебінің ауласына спорт алаңдарын салу;
- Қарағай елді мекеніне көше жарығын жүргізу;
- Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыру;
- Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көпбалалы аналарға қолдау көрсету.
Құрметті сайлаушылар!
Егер Сіздер таңдау жасап, өз дауыстарыңызды маған беретін болсаңыздар, мен барлық іс-тәжірибем мен білімімді, іскерлігімді ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және дамуына арнаймын.